Қырғыз Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының өкілдері «Ұстаз» үздіксіз педагогикалық даму ұлттық платформасының жұмысымен танысты

Бүгін Қазақстанға жұмыс сапары аясында Қырғыз Республикасының педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің өкілдері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына барды. Қонақтар педагог кадрлардың кәсіби деңгейін басқару экожүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып саналатын «Ұстаз» платформасының жұмысына айрықша қызығушылық танытты.

Кездесу барысында «Өрлеу» мамандары платформа әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, педагогтердің біліктілік санатына аттестациядан өтуіне қажетті портфолио әзірлеу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Қырғызстандық тарап аттестацияны орталықтандырылған, ашық және тиімді форматта жүргізуге мүмкіндік беретін «Ұстаз» платформасының артықшылықтарын жоғары бағалады.

Тараптар педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі цифрландыру үдерістерін және алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Өрлеу» орталығы жинақталған тәжірибемен бөлісуге және білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы бағытында халықаралық әріптестікті кеңейтуге дайын екендігін атап өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы – педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған «Ұстаз» бірегей цифрлық платформасының әзірлеушісі. Платформа педагогтер туралы ауқымды деректер базасының цифрлық талдауын қамтып, олардың біліктілік аттестациясын объективті және ашық жүргізуді қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар