СЕКЦИЯ ОТЫРЫСТАРЫ: тәжірибе, амбициялар және өңірлік шешімдер

«ҚАЗІРГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ МАНСАПТЫҚ БІЛІМ: ӨҢІРЛІК СЫН-ҚАТЕРЛЕРДЕН ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның түстен кейінгі бағдарламасы мазмұнды секциялық отырыстармен жалғасты. Әр секцияда спикерлер мен модераторлар мектептегі мансаптық білім беруді дамыту, кәсіби бағдарлаудың тиімді тәсілдері, оқу орны мен жұмыс беруші арасындағы серіктестікті күшейту бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Алғашқы секция «Мектеп оқушыларына арналған тағылымдамалар мен жұмыс тәжірибесін жасау мүмкіндіктері» тақырыбында өтті. Модератор – Canadian International School Astana оқушылардың білім алуын қолдау бойынша үйлестірушісі Бейбит Сағандықов. Спикерлер Justin Brydges, Ирина Цой, Abbas Zhakay мектеп пен бизнес арасындағы байланыстың жаңа формаларын, қауымдастықпен жұмыстың тиімді жолдарын таныстырды. Балқаш қаласынан Анар Абдуллина оқушыларға арналған «5 өмір техникасы» бойынша тәжірибе ұсынды.

Екінші секция «Мектептегі мансаптық білім: формалды тәсілдерден саналы кәсіби бағдарға дейін» бағытында ұйымдастырылды. Модератор – Шынаргул Алишева, Балқаш қаласы Д. Ермеков атындағы мектеп-лицейінің директоры. Спикерлер Галия Иманбаева-Казбекова, Елена Ничипуренко және Ұлжан Оспанова кәсіби бағдардың жаңа модельдерін, жеке траектория қалыптастырудың рөлін, мектеп пен колледж арасындағы сабақтастықты күшейту тетіктерін талқылады.

Үшінші секция «Жастардың мамандық таңдау процесі: амбициялар, сыртқы қысым және өңірлік ерекшеліктер контексінде» тақырыбын қамтыды. Модератор – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Политехникалық колледж директорының орынбасары Алия Каржасбекова. Спикерлер Мұстахим Мұхтаров, Тоғжан Қаламғали және Бағыт Шеркешбаева техникалық және кәсіптік білімнің жаңа талаптарын, еңбек нарығындағы өзгерістердің жастар таңдауы мен кәсіби қалыптасуына әсерін талдады.

Секция жұмыстары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік беріп, мектеп пен колледж арасындағы серіктестікті дамытудың, жұмыс берушілермен тиімді байланысты орнатудың жаңа жолдарын айқындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар