Бүгін филиал қабырғасында «Бастауыш сыныптағы soft skills: дағдылар мен құзыреттіліктер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Республикалық шара білім алушылардың soft skills (икемді) дағдыларын дамытуға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталды.
Конференция жұмысына «Өрлеу» Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Тараз, Түркістан, Қызылорда облысы бойынша филиалдарының аға оқытушылары, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері мен колледждердің оқытушылары қатысты.
Конференцияның тыңдалымында сөз алған спикерлер:
– Бастауыш сынып тәжірибесіндегі soft skills жұмсақ дағдыларды дамыту әдістерін;
– Soft skills дағдыларын дамытудағы gamification әдісінің тиімділігін;
– Жаратылыстану пәнін оқытуда цифрлық орта құру арқылы оқушылардың soft skills дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін;
– Эмоцияны басқару мен көшбасшылықтың бүгінгі педагогикадағы маңызын нақты мысалдармен ашып көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция жұмысы қорытындыланып, бастауыш сыныптағы soft skills дағдыларын дамытуға, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған ұсынымдар қабылданды.



