«Өрлеу» БАҰО-да Британдық Кеңестің Орталық Азия бойынша өңірлік жетекшісі Майкл Холгейт және British Council Kazakhstan директоры Роберт Тэйлормен кездесуі өтті. Бұл – Майкл Холгейттің Қазақстанға алғашқы жұмыс сапары.
Кездесу барысында қонаққа орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалары таныстырылды. Тараптар қазіргі бірлескен жобаларды талқылап, жаңа ықпалдастық перспективаларын қарастырды. Олардың қатарында ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламаларын жетілдіру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, академиялық ағылшын тілін дамыту, IELTS емтиханына дайындықты қолдау, сондай-ақ білім беру саласындағы көшбасшылық құзыреттерді нығайту бар.
Айта өтейік, биыл British Council-пен серіктестік аясында 5 оқу бағдарламасы әзірленді. AELLCA халықаралық жобасы шеңберінде 20 мастер-тренер арнайы оқудан өтті, жыл соңына дейін тағы 64 пән тренері біліктілігін арттырады.








