Өрлеуде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған облыстық семинар өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңаша көзқарас: функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың жұмысын институт директорының орынбасары Жалмұханова Балауса Хоныспайқызы ашып, функционалдық сауаттылықты дамытуға қатысты өзекті бағыттарды атап өтіп, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.

Семинар барысында өңір педагогтері қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи әдістемелерді, пәнаралық интеграцияны қолдану тәжірибелерін, бағалау жүйесін жетілдіру жолдарын, сондай-ақ оқылым мен талдау стратегияларын тиімді пайдалану бойынша ой бөлісті.

Спикерлер мазмұнды баяндамалар, коучингтер, шебер-сыныптар және панорамалық сабақтар ұсынды:
• Тлеуов Нурлан Кубашович – функционалдық сауаттылықты арттырудағы пәнаралық интеграцияның маңызын көрсетті;
• Утепова Самал Кайрбаевна – тиімді кері байланыс және мұғалім көшбасшылығы бағытында коучинг өткізді;
• Коптлеуова Жангул Сабитовна – әдебиет сабағында дәлел мен тұжырым жасау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар бойынша шебер-сынып ұсынды;
• Кумарова Тазагул Жиенгалиевна, Калидуллина Гуляем Орынгалиевна, Муканова Гаухар Жолдаскалиевна, Тогызбаева Гүлсила Ергеновна, Дәулетова Назгуль Кабышевна – панорамалық сабақтар өткізіп, тәжірибеге бағытталған жұмыстарымен бөлісті;
• Арыстанова Айжамал Қайырболатқызы – оқу сауаттылығын арттырудағы пәнаралық интеграция туралы мазмұнды баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылар ұсыныстар беріп, ортақ ойларымен бөлісті. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа тәсілдерді меңгеруге ықпал етті.

Барлық спикерлерге белсенділігі мен кәсіби үлесі үшін алғыс айтамыз! Тыңдаушыларға алған білімдерін тәжірибеде нәтижелі қолданып, шығармашылық табыс тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар