«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауы сәтті аяқталды!
⠀
Қазақстан педагогтерінің үздік идеяларын республика көлемінде насихаттап, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және олардың кәсіби шеберлігін дамытуға қолдау көрсету – байқаудың негізгі мақсаты болды. Бұл жоба педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сапалы әдістемелерді тәжірибеге енгізуге және тиімді оқыту тәсілдерін кеңінен таратуға бағытталды.
Сонымен қатар, байқау аясында заманауи цифрлық технологияларды меңгеру мен қолдану дағдыларын жетілдіру арқылы педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамытуға ерекше мән берілді.
⠀
Республикалық сараптама кеңесінің қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысынан жолданған 7 бағыттың 5-еуі бойынша біздің педагогтер жеңімпаз атанды!
Жеңімпаздар қатарында:
1. Оқу сауаттылығы бағыты бойыншы:
Джумашева Гайша Мутиевна – БҚО, Орал қаласы, Эстетикалық бағыттағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2. Математикалық сауаттылық бағыты бойынша:
Утегенова Айнур Туреахметовна – БҚО, Орал қаласы, №5 ЖОББ мектебінің математика пәні мұғалімі
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыты бойынша:
Бижанова Гулбакит Тажихановна – БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
4. Цифрлық сауаттылық бағыты бойынша:
Рамазанова Динара Бакиткалиевна– БҚО, Орал қаласы, №37 ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі
5. Экологиялық сауаттылық бағыты бойынша:
Таушанова Айымгүл Қайырлықызы – БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
⠀
Айта өтейік, марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Байқаудың нақты жүлделі орындары салтанатты шара барысында жарияланады.


