АТЫРАУДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР БАСТАЛДЫ

Атырауда «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған «Ұйымшыл команда – келешек мектеп» тақырыбындағы 8 академиялық сағатқа арналған семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Тренингтің мақсаты – мұғалімдердің топтық жұмыс дағдыларын дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ұжымдық рухты нығайту.

48 мектепте команда құру бойынша өткізілген семинар-тренингті «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушылары Тажиева Гүлмира Қапановна және Аронова Алтынай Жеңісқызы өткізді. Семинар-тренингке мектептің барлық педагогтері толық қатысты.

Күн бойы педагогтер топтық ұйымшылдықты арттыруға бағытталған практикалық жаттығуларға белсенді қатысты. «Пазл», «Молекулалар», «Көзі көрмейтін көшбасшы», «Идеалды шаршы», «Қағаз мұнарасы» секілді тапсырмалар мұғалімдерге бірлесіп шешім қабылдау, өзара сенім қалыптастыру және командалық рөлдерді тиімді бөлуге мүмкіндік берді.

Тренинг нәтижесінде педагогтер:
• тиімді коммуникацияның негізгі қағидаларын меңгерді;
• сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыру әдістерін тәжірибеде қолданды;
• көшбасшылық пен командалық өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін үйренді;
• ұйымшыл команданың мектептегі кәсіби климатқа тигізетін оң әсерін талқылады.

Осындай ауқымды тренингтер педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып, мектепішілік мәдениетті нығайтуға зор үлес қосатыны анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар