«ҰЙЫМШЫЛ КОМАНДА – КЕЛЕШЕК МЕКТЕП»: педагогтерге арналған семинар-тренингтер жалғасуда

«Келешек мектептері» педагогтеріне арналған «Ұйымшыл команда – келешек мектеп» тақырыбындағы 8 сағаттық семинар-тренинг мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасын күшейтуді, бірлескен жұмыс дағдыларын жетілдіруді және мектеп ұжымында қолайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Бағдарлама аясында команда құру бойынша тренинг 46 мектепте өткізілді. Оқыту жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Дуйсенова Меруерт Мадениетовна жүргізді. Семинарға мектеп педагогтерінің барлығы қатысып, жоғары белсенділік танытты.

Практикалық бөлім барысында мұғалімдер бірлескен іс-әрекетті жоспарлау, сенімді қарым-қатынас орнату, командалық рөлдерді тиімді бөлу секілді дағдыларды түрлі интерактивті тапсырмалар арқылы тәжірибеде шыңдады. Топтық жұмысқа негізделген жаттығулар педагогтердің ортақ шешім қабылдау қабілетін арттырып, ұжымда ынтымақтастық мәдениетінің дамуына ықпал етті.

Тренинг қорытындысында қатысушылар:
• тиімді коммуникация орнатудың жаңаша тәсілдерін меңгерді;
• командалық жұмысқа қолайлы ахуал қалыптастыру жолдарын талдады;
• көшбасшылықты бөлісу мен өзара жауапкершілікті үйлестірудің тиімді тәжірибесін игерді;
• ұйымшыл ұжымның мектептегі кәсіби климатқа оң әсері жөнінде пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар