«Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өтті

2025 жылдың 28 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты және Алматы облысы, Іле ауданындағы «Montessori Academy» жекеменшік мектебі бірлесе отырып, «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект (AI) технологияларын тиімді қолдану мүмкіндіктерін көрсету, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, AI құралдарын сабақ жоспарлау, оқу материалдарын әзірлеу, оқу жетістіктерін бағалау және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай саралап оқытуда пайдалану бойынша инновациялық тәсілдермен таныстыру. Сонымен қатар вебинар педагогтер арасында тәжірибе алмасу арқылы кәсіби дамуға жағдай жасауды көздеді.

Вебинарға Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы №1 арнайы мектеп-интернаты», Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек орта мектебі, Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебі, Алматы қаласының №211 мектеп-гимназиясы мен №207 мектеп-лицейі, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия және Қ. Бекқожин атындағы мектептің мұғалімдері, сондай-ақ Алматы қаласы №148 бөбекжай балабақшасының педагогы қатысты.

Вебинар барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім берудегі жасанды интеллекттің рөлін жан-жақты талқылады. Қатысушылар практикалық мысалдар ұсынып, авторлық әдістемелерін таныстырды, оқу үдерісін цифрландыру, интерактивті тапсырмалар әзірлеу және оқу материалдарын жекелендіру бойынша мазмұнды ұсыныстар берді.

Аталмыш вебинар жасанды интеллект технологияларын білім беру саласына енгізу бойынша ортақ пікір алмасуға мүмкіндік беріп, педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін берді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, жаңа білім мен дағдыларға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар