«Өрлеу» мен British Council AELLCA бағдарламасы аясында пәндік тренерлерді оқытуды бастады

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жаратылыстану, математика және информатика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш бағыттары бойынша оқытатын 64 пәндік тренері British Council Kazakhstan және NILE ұйымдарының мастер-тренерлері мен сарапшылары қатысатын қарқынды оқу курсынан өтуде.

Бағдарлама каскадты оқыту тетігі арқылы тренерлердің үздіксіз кәсіби дамуы жүйесін нығайтуға бағытталған. Қатысушылар педагог-тренердің рөлі, ересектерді оқыту қағидаттары, материалды тиімді ұсыну тәсілдері, фасилитация, рефлексивті тәжірибе және микротренинг өткізу дағдыларын меңгереді.

Тренерлерге арналған кешенді бағдарлама British Council мен NILE ұйымдарымен бірлесіп әзірленді. Тренинг соңында қатысушылар бағалау кезеңінен өтіп, халықаралық сертификат алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар