«Өрлеу» БАҰО және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілетін «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы жыл сайын ауқымын кеңейтіп келеді.
Биыл байқауға 16 000-нан астам өтінім қабылданып, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Мұндай өсім педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға және кәсіби тәжірибе алмасуға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Байқау 7 бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Өңірлік сараптау комиссиялары жұмыстарды бағалауды аяқтап, олардың нәтижесі бойынша 140 үздік жұмыс республикалық кезеңге жолдама алды, оның ішінде біздің өңірден 7 педагог бар.
Республикалық кезеңнің қорытындысында ұлттық комиссия 47 жеңімпазды анықтады.
Мақтанышпен айтамыз: сол 47 жеңімпаздың қатарында Шымкент қаласының 4 педагогі бар!
1. Орынбасарова Жазира Нурпейсовна – Жаратылыстану сауаттылық батығы бойынша
2. Ботбаева Меирбан Кишкенебаевна -Қаржылық сауаттылық бағыты бойынша
3. Иманов Нуралы Бердиханович – Цифрлық сауаттылық бағыты бойынша
4. Еркін Ақерке Махмұтқызы – Оқу сауаттылық бағыты бойынша
Марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Байқаудың нақты жүлделі орындары салтанатты шара барысында ресми түрде жарияланатын болады.
Республикалық кезеңге өткен қатысушылардың бейнематериалдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының YouTube арнасында жарияланды. Конкурстық жұмыстарды республикалық сараптамалық кеңес бағалады, оның құрамына «Өрлеу» өкілдері мен сыртқы сарапшылар кірді.





