«Өрлеу» мен British Council AELLCA пәндік тренерлерді оқытуды бастады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жаратылыстану, математика және информатика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш бағыттары бойынша оқытатын 64 пәндік тренері British Council Kazakhstan және NILE ұйымдарының мастер-тренерлері мен сарапшылары қатысатын қарқынды оқу курсынан өтуде.

Оқытуға «Өрлеу» Шымкент филиалының тренерлері – Шойманова Мөлдір, Мынбаева Ақбота, Жорабекова Гүлнұр, Нуржигитова Несибели және Избасарова Гүлмира да қатысуда.

Бағдарлама тренерлердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үшін каскадты оқыту әдісін қолданады. Қатысушылар тренердің міндетін, ересектерді оқытудың негізгі қағидаларын, материалды қызықты да түсінікті жеткізу жолдарын, фасилитация мен рефлексия дағдыларын, сондай-ақ шағын тренинг жүргізуді үйренеді.

Тренерлерге арналған кешенді бағдарлама British Council мен NILE ұйымдарымен бірлесіп әзірленді. Тренинг соңында қатысушылар бағалау кезеңінен өтіп, халықаралық сертификат алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар