Интеллектуалдық ойындар Келешек мектептердe

2025 жылы 9 желтоқсанда №140 «Келешек» мектебінің базасында Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің бастамасымен математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және жаратылыстану пәндеріне негізделген 3–4–5 сынып оқушыларына арналған «Зерделі ұрпақ» олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың аталған пәндерге қызығушылығын арттыру, күрделі есептерді шығаруға дағдыландыру, бастауыш сыныптар арасынан олимпиадалық резерв қалыптастыру және қабілетті оқушыларды анықтап, ынталандыру.

Интеллектуалдық ойындар 2025 жылдың желтоқсан айында әр мектептің базасында 4 кезең бойынша 12 Келешек мектептердің арасында өтеді.

Бүгінгі сайысқа №140, №141 және №149 «Келешек» мектептерінің оқушылары қатысты. Сайыс командалық форматта өтіп, әр мектептен 3–4–5 сыныптар қатысты.

Гранд финал 25 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының базасында өтеді.

Бұл интеллектуалдық сайыс білім сапасын арттырудың жаңа баспалдағы. Алдағы уақытта осындай белсенді, білімді оқушыларды дайындаған Келешек мектептері педагогтері мен басшыларының функционалдық сауаттылығын, логикалық және аналитикалық ойлау дағдыларын бағалау, сондай-ақ олардың зияткерлік, кәсіби және басқарушылық қабілеттерінің деңгейін анықтауға бағытталған «IQ – ҰСТАЗ» интеллектуалды сайыс жобасын Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар