Бүгін Ұстаздар үйінде «Педагогтің кәсіби мүмкіндіктері мен тұлғалық қасиеттері» педагогтерді курстан кейінгі қолдау облыстық форумы өтті.
Форум жұмысына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда облыстық әдістемелік оқу орталығы, қалалық білім бөлімі және БАҚ өкілдері, филиалдың аға оқытушылары мен аймақ педагогтері қатысты.
Форумның тәжірибелік алаңында үздік идеяларды қамтыған тәжірибелік жұмыстар, сондай-ақ өзекті мәселелер талқыланған панельдік сессиялар жүргізілді. Тәжірибе алмасу, кәсіби байланыс орнату және курстан кейінгі қолдаудың тиімді тетіктерін талқылауға арналған жұмыстар 7 секция бойынша жүргізілді:
1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы рөлі;
2. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылықты дамытудың тапсырмалары мен бағалау құралдары;
3. Математикалық және инженерлік ойлауды дамытудағы ЖИ;
4. Педагогтің басқарушылық моделі;
5. Гуманитарлық білім беруді дамытудың бағыттары мен шешімдері;
6. Мектеп құндылықтары мен инклюзив мәдениеті;
7. Жеке даму мен кәсіби табысқа жету: кәсіби бағдар және эмоционалдық тұрақтылық.
Алдағы уақытта курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында педагогтердің тұлғалық және кәсіби даму траекториясына бағытталған қолдау көрсету және инновациялық тәжірибелерді таратуға бағытталған форум жұмысы жалғасатын болады.







