«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Қызылорда облысынан
– «Цифрлық сауаттылық» бағыты – Қызылорда қаласындағы Ә. Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибрашова Гүлжазира Тортайқызы;
– «Экологиялық сауаттылық» бағыты – Қызылорда қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Әбдіғали Әсел Әнәпияқызы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар, кәсіби жетістіктер тілейміз!
Айта кетейік, салтанатты марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Байқаудың нақты жүлделі орындары салтанатты шара барысында жарияланады.



