«Өрлеу» мен British Council AELLCA бағдарламасы аясында пәндік тренерлерді оқытуды бастады

Астанада 8-11 желтоқсан күндері AELLCA бағдарламасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жаратылыстану, математика, информатика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш білім беру бағыттары бойынша жұмыс істейтін 64 пәндік тренері British Council Kazakhstan және NILE ұйымдарының шебер-тренерлері мен сарапшылары жүргізетін интенсивті курстан өтуде.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтынан бұл оқытуға филиал директоры Қызжібек Абдраманова, кафедра меңгерушісі Жанар Жубауова, аға оқытушылар Оразбай Орманов, Ақманат Басанова және Ернар Еркін қатысуда.

Бағдарлама каскадты оқыту тетігі арқылы тренерлердің кәсіби дамуын жүйелі түрде күшейтуге бағытталған. Оқыту барысында қатысушылар педагог-тренердің міндеттері, ересектерді оқыту қағидаттары, материалды тиімді жеткізу әдістері, фасилитация, рефлексия және микротренинг жүргізу сияқты маңызды дағдыларды меңгереді.

Тренерлерге арналған кешенді бағдарлама British Council мен NILE ұйымдарымен бірлесіп әзірленген. Тренинг соңында қатысушылар бағалау кезеңінен өтіп, халықаралық деңгейде танылатын сертификат алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар