«Ардақты ұстаздар, құрметті әріптестер! Сіздерді ұлт рухын асқақтатар Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған тарихи шешім Қазақстанның жаңа дәуірін ашып, елдік бірлігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымас негізіне айналды. Тәуелсіздік күні – азаттықтың қадірін айшықтайтын, болашаққа деген сенімді бекітетін қасиетті мереке. Ал білім беру жүйесін дамыту жолындағы Сіздің еңбегіңіз – еліміздің өркендеуіне және зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған игі іс.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби табыс пен жаңа белестер тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!»
Құрметпен,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова

