Халықаралық тәжірибелі жетекші тренер «Өрлеу» БАҰО» басшыларын оқытуда

Астанада 16 желтоқсаннан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған «Корпоративтік басқарудағы жүйелі коучинг» сертификаттау курсы басталды.

Курс бағдарламасы персоналды тиімді басқару, басқару шешімдерінің сапасын арттыру үшін қажетті коучингтік құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқыту APC (Association of Professional Coaches), ICTA (International Coaching And Trainer Assotiation) стандарттарына, қосымша білім беру стандартына және Эстония Республикасының «Қосымша оқыту туралы» Заңына сәйкес «Professional Coach APC» деңгейіне сертификаттау негізінде жүргізіледі.

Оқытуды коучинг саласындағы халықаралық тренер Кирилл Прищенко жүргізеді. Ол – «Meta Leader NLP & Coaching Center» халықаралық кәсіби тренерлер қауымдастығының және оқыту орталығының негізін қалаушы. 10 жылдан астам кәсіби қызметінде 5000 сағаттан астам жеке, коучингтік және бизнес-консультациялар өткізген.

Курстың бағдарламасы сегіз модульден тұрады және коучингтің жүйелік модельдері, командалық білім беру, трансформациялық коучинг, шығармашылық техникасы, кәсіби қызметті стратегиялық жоспарлау негіздері және т.б. тақырыптарды қамтиды. 2026 жылы наурыз айының соңына дейін қатысушылар онлайн форматта «Meta Leader NLP & Coaching Center» орталығында курстан кейінгі сүйемелдеуден өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар