Биыл алғаш рет 93 мыңнан астам педагог аттестацияны цифрлық платформада тапсырды

Елімізде педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын мониторингтеу және аттестаттау жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасуда. Қағазбастылықты азайтып, процесті жеңілдету мақсатында 2024–2025 оқу жылында «педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» санаттары бойынша аттестация алғаш рет «Ұстаз» ұлттық платформасында толық цифрлық форматта өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген бұл жүйе Ұлттық біріңғай деректер қоры, Ұлттық тестілеу орталығы және «Дарын» республикалық орталығымен интеграцияланған. Соның нәтижесінде педагогтің жұмыс орны, еңбек өтілі, пәндік білімді бағалау көрсеткіштері, байқаулардағы жетістіктері мен біліктілікті арттыру сертификаттары туралы деректер автоматты түрде жинақталады. Комиссия мүшелері педагогтердің портфолиоларын онлайн қарап, шешімдерін электронды қолтаңбамен бекітті. Цифрлық формат қағазбастылықты жойып, аттестаттаудың әділ әрі ашық өтуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Ұстаз» платформасында мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 253 мыңнан астам педагог тіркелген. 93 мыңнан астам педагог жүйе арқылы аттестациядан өтті. Бағалау жұмысына қатысқан 13 мыңнан астам комиссия жүйеге жүктелген 2,3 млн-нан астам материалдарды онлайн форматта саралады.

Платформаға жоғары білім жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алу мүмкіндігі қосылды. Сонымен бірге «Педагог-зерттеуші» және «Педагог-шебер» санаттары енгізіліп, аттестацияның қамту аясы кеңейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар