«Ұстаз» платформасымен жұмыстың алғашқы аптасы қорытындыланды

“Өрлеу” БАҰО Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтында бекітілген кестеге сәйкес аттестаттаудан өтетін педагогтердің деректерін «Ұстаз» платформасына енгізуге жауапты мамандарға арналған онлайн-консультациялардың алғашқы аптасы аяқталды. Осы кезеңде консультациялармен қамтылғандар:

  • Тараз қаласы — 142 қатысушы
  • Байзақ ауданы — 80
  • Жамбыл ауданы — 130
  • Жуалы ауданы — 68
  • Қордай ауданы — 91
  • Меркі ауданы — 36
    Жалпы алғанда, онлайн-консультацияларға 540-тан астам педагогикалық қызметкер мен маман қатысты.

Онлайн-кездесулерге аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасының өкілдері де белсенді қатысты.
Консультациялар барысында келесі техникалық мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:

  • педагогтің жеке профилін толтыру тәртібі;
  • «Аттестатталушылар тізімі» және «Деректерді енгізу» бөлімдерімен жұмыс;
  • платформа әзірлеушілерінің қатысуымен «Комиссия» бөлімінің жұмысы таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар