«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2025»: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС!

Атырау облысының білім беру саласы тағы бір үлкен жетістікке жетті!

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Жайкина Райгул Жанабиловна — Мақат ауданы, Х. Санбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, «Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды.

Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, үздіксіз дамуға деген ұмтылысының нәтижесі. Райгул Жанабиловна мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту бағытында ұсынған идеялары арқылы заманауи білім беру талаптарына сай жоғары нәтиже көрсете білді. Оның табысы – облыс ұстаздары үшін үлкен мақтаныш.

Жеңісіңіз құтты болсын, Райгул Жанабиловна!
Алдағы уақытта да шәкірт тәрбиесінде, кәсіби дамуда және жаңа белестерді бағындыруда толағай табыстар тілейміз! 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар