Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы-2025»: республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, British Council Kazakhstan, ЮНЕСКО, STEM Solutions өкілдері қатысты.

Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша жеңімпаз болған 47 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-та ең көп қаралған бейнемазмұндардың авторлары да арнайы марапат алды.

Енді жеңімпаздар ТМД елдерінің педагогикалық шеберлік фестиваліне қатысып, өз тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Ең маңыздысы – байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау барысында ескеріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар