Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас бухгалтері уақытша бос лауазымына (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс мерзіміне) негізгі қызметкердің орнына конкурс жариялайды
Актуалды
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 4 дня ago
Біліктілік талаптары: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде бес жыл, соның қатар басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі.
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.
Білуге тиіс: ҚР Конституциясын, Еңбек кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «ҚР Бюджет кодексін», «ҚР Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша жоғары тұрған, қаржы және бақылау-тексеру органдарының басқа да материалдары, сондай-ақ Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты азаматтық құқық, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, ұйымның құрылымы, оның даму стратегиясы мен перспективалары, ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу ережелері,операцияларды ресімдеу тәртібі және есепке алу учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, қаржылық есептеулердің нысандары мен тәртібі, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, ішкі шаруашылық резервтерін анықтау әдістері, ақшалай қаражатты, тауарлық-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібі, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу қағидалары, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару тәртібі, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу қағидалары, тәртібі мен мерзімдері есептілікті жасау, тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу қағидалары, есептеу техникасының заманауи құралдары және оларды ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін есепке алу-есептеу жұмыстарын орындау және талдау үшін қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларды, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін, қаржылық есептіліктің халықаралық ұлттық стандарттарын, Қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс, экономика, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару, өндіріс технологиясының негіздерін, Нарықтық басқару әдістері, шарттар жасасу және ресімдеу тәртібін, Еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
- Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
- Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 30.12.2025 ж. дейін ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69А, 2-қабат, 211-кабинет мекен-жайы бойынша немесеzhambylipk@orleu.edu.kz электрондық почтасы арқылы қабылданады.
Анықтама үшін: 8(7262)-54-70-00
Сұхбат өткізу күні және орны: 2025 жылғы 31 желтоқсан, уақыты 10.00-де, ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69А, 209 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.ы.

