Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 день ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша техникалық немесе кәсіптік, не орта арнаулы білім; 1000 Вольтқа (В) дейінгі кернеудегі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электрқауіпсіздігі бойынша IV-тен төмен емес рұқсат тобы болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі — кемінде 1 (бір) жыл.

Электриктің негізгі функциялары:

  1. электр қондырғыларына өз бетінше қызмет көрсету, тексеру, қосу, ауыстырып қосу және ажырату;
  2. лауазымдық міндеттері шеңберінде 1000 Вольтқа дейінгі кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтарды пайдалану;
  3. электр қондырғыларында, электр сымдарында, автоматика, есепке алу және тіркеу аспаптарында жөндеу, реттеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау;
  4. құрылыс-монтаж, жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындауға қатысу;
  5. жөндеу және реттеу персоналының электр қондырғыларында жұмыстарға жіберілуін айқындау;
  6. персоналдың электрқауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
  7. электр шаруашылығының жай-күйін тексеру, қарау және бақылау жүргізу;
  8. анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау;
  9. электр қондырғыларында жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету;
  10. электр қондырғыларында жұмыс істеп жүргендерге тұрақты бақылау жүргізу;
  11. жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану және олардың пайдаланылуын бақылау;
  12. авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
  13. қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыстарды дереу тоқтату;
  14. электрқауіпсіздік бойынша нұсқамалар өткізу;
  15. персоналды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту;
  16. электрқауіпсіздік талаптарын білуін және сақталуын бақылау.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш

2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;

3. 3*4 фотосурет (2 дана);

4. Жеке басын куәландыратын құжат;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

6. Медициналық анықтама (Ф075);

7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;

9. Наркологиялық ұйымнан справка;

10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

 Хабарландырудың жарияланған күні: 26.12.2025 ж.

Конкурс өтетін күн: 31.12.2025 ж.

Телефон: 8 (7212) 41-87-10, 41-70-13

Apply For This Job