«Ұстаз» цифрлық платформасында педагогтерді 2025–2026 жылына арналған аттестаттау кезеңі басталды. «Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» санаттары бойынша аттестаттау үдерісі толықтай цифрлық форматта жүзеге асырылады. Педагогтер туралы мәліметтер бірқатар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Сонымен қатар платформада аттестаттау мәселелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, техникалық мәселелерді жедел шешуге көмектесетін AI-ассистент іске қосылды.
Толығырақ материалдан танысуға болады.






