Актуалды
Алматы қаласы бойынша Өрлеу
Posted 22 часа ago

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша техникалық, кәсіптік немесе орта арнаулы білім; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған, кернеуі 1000 Вольтқа (В) дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған электр қауіпсіздігі бойынша IV топтан төмен емес рұқсат тобы.

Мамандық бойынша жұмыс өтілі — кемінде 1 (бір) жыл.

Білуі тиіс: электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарды; тұрмыстық, кеңселік және өндірістік электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қағидаларын; бекітілген электр қондырғылары мен жабдықтарының құрылысы, жұмыс істеу қағидаты және техникалық сипаттамаларын; кернеуі 1000 В-қа дейінгі және 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын пайдалану қағидаларын; кернеу толық алынған кезде қорғаныш құрылғыларын алу және орнату талаптарын; электрмен жабдықтаудың негізгі сызбаларын және электр энергиясын есепке алу жүйелерін; электрқорғау құралдарын қолдану қағидаларын; персоналды электр қондырғыларында жұмысқа жіберу тәртібін; электр тогының әсерінен зардап шеккен адамды босату және алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларын.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
  • Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2026 жыл  06 қаңтар, Алматы қ., Төле би 198/4

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 жылғы 05 қаңтарға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би к., 298/4, 303 каб. немесе: ipralmaty@orleu-edu.kz  эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 702 631 5723 әкімшілік-кадр жұмысы бөлімі.

 Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады;

Apply For This Job