Өнер мен ұстаздықты ұштастырған «Өнерлі ұстаз» байқауы

2025 жылдың 23–29 желтоқсан аралығында «Көркем еңбек» және «Музыка» пәні мұғалімдеріне арналған «Өнерлі ұстаз» қалалық байқауы өтті.

Қалалық байқауға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты, педагогика ғылымдарының магистрі Ибраева Жанар, сондай-ақ аталған кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Фатима Серікбайқызы әділ қазылар алқасының құрамында болып, іс-шараға белсене атсалысты.

Байқаудың негізгі мақсаты:

  • педагогтердің оқыту үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін тиімді қолдануын насихаттау;
  • оқыту стратегияларын мақсатқа жетуде ұтымды пайдалану;
  • сандық ресурстар мен оқу материалдарын тиімді қолдану.

Байқау кезеңдері:

  • І тур – «Шығармашыл педагог – сапалы білім» тақырыбында шеберлік сабағы;
  • ІІ тур – «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбындағы таныстырылым;
  • ІІІ тур – «Ұстаз және өнер» кезеңі.
    Аталған кезеңдерді сараптамалық кеңес мүшелері бағалады.

Байқау аясында педагогтер:

  • әдістемелік және технологиялық ЖИ әдіс-тәсілдерін, соның ішінде ЖИ құралдарын қолданудың тиімділігін көрсетті;
  • шешендік шеберлігін (қысқа уақыт ішінде ойын нақты жеткізе білуі, сөйлеу мәдениеті, сахна мәдениеті, аудиториямен байланыс орнату қабілеті) танытты;
  • кәсіби имиджі мен өзін-өзі таныстыру стилін, шығармашылық әлеуетін және ұлттық құндылықтарды насихаттау деңгейін көрсетті.

«Өнерлі ұстаз» қалалық байқауын ұйымдастырған Алматы қаласы Білім басқармасына, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Чайзаданова Гүлсім Сейітқалиқызына және Баймаханбетова Алима Нұржановнаға шексіз алғыс білдіреміз.

Сондай-ақ байқау аясында өнер көрсеткен белгілі әнші-сазгерлерге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз.

«Көркем еңбек» және «Музыка» пәні мұғалімдеріне арналған «Өнерлі ұстаз» қалалық байқауы жоғары деңгейде өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар