Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы

Алматы қаласы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында «Ұйымшыл команда – келешек мектеп» тақырыбында бір күндік оқу тренингін өткізді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 8–23 қаңтар аралығында өтті.

Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің командалық жұмыс дағдыларын дамыту, кәсіби өзара ынтымақтастықты нығайту және мектеп ұжымында қолайлы, жағымды білім беру ортасын қалыптастыру.

Оқу тренингін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушылары — Кабдолова Гүлжанат Тоқтарбекқызы мен Абайдуллаева Айгүл Аманжолқызы жүргізді. Тренинг барысында қатысушылар тиімді коммуникация, ортақ мақсатқа жұмылу, жауапкершілікті бөлісу және командалық өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындады.

Аталған оқу тренингіне «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясындағы №97 МГ, №154 ЖББМ, №213 ЖББМ, №214 ЖББМ, №216 ЖББМ, №217 ЖББМ, №218 ЖББМ педагогтері толықтай қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар