2026 жылғы 6 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ-дің «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар» кафедрасының аға оқытушысы Рыскулбекова Куралай Қалдыбаевна мен «Жаратылыстану-математика бағыттар» кафедрасының аға оқытушысы Сабиханова Асель Каирбековна Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты №214 жалпы білім беретін мектеп КММ базасында «Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбында мазмұнды команда құру тренингін өткізді.
Тренингтің басты мақсаты – педагогтер арасында тиімді командалық өзара әрекеттестікті дамыту, ортақ құндылықтарға негізделген біртұтас ұжымды қалыптастыру және жағымды психологиялық ахуал орнату.
Іс-шараға мектеп директоры Ахметова Света Ағабековна жетекшілік еткен басшылық құрам мен 150 педагог белсенді қатысты. Тренинг екі жұмыс командасы форматында ұйымдастырылып, қатысушылар мен тыңдаушылар нақты тәжірибелік тапсырмалар арқылы командалық жұмыстың маңызын терең сезінді. Белсенді топтың іс-әрекеттері сыншылар тарапынан жан-жақты талданып, командалық жұмыстың тиімді тұстары мен жетілдіруді қажет ететін қырлары ашық әрі кәсіби деңгейде сараланды.
Тренинг қорытындысында қойылған мақсаттар толық орындалып, қатысушыларға кәсіби дамуға бағытталған сындарлы әрі мазмұнды кері байланыс берілді. Аталған іс-шара педагогикалық ұжымның бірлігін нығайтып, «жайлы мектеп» қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға серпін берді.






