«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы. Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің электригі бос лауазымына конкурс жариалайды
Актуалды
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 5 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша техникалық немесе кәсіптік, не орта арнаулы білім; 1000 Вольтқа (В) дейінгі кернеудегі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электрқауіпсіздігі бойынша IV-тен төмен емес рұқсат тобы болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі — кемінде 1 (бір) жыл.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын және еңбек заңнамасының негіздерін; электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды, бұйрықтар мен нұсқаулықтарды; еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын; тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын (ТПҚ); тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (ҚТҚ); электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОҚ) – IV рұқсат тобы көлемінде; 1000 В-қа дейінгі кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтарының құрылымын, жұмыс принципін және техникалық сипаттамаларын; электрмен жабдықтау, басқару, жарықтандыру және электр энергиясын есепке алу жүйелерінің негізгі сызбаларын; 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында жұмыстарға рұқсат беру және оларды ұйымдастыру тәртібін; электрқорғау құралдарын қолдану қағидаларын; кернеу толық ажыратылған кезде қорғаныш құрылғыларын алу және орнату талаптарын; электротехникалық жабдықты монтаждау, баптау, реттеу және жөндеу әдістерін; зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін; ішкі еңбек тәртібі және санитарлық жағдайды.
Негізгі міндеттері:
Электрик міндетті:
1) электр қондырғылары мен электр жабдықтарының жарамды күйін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды техникалық пайдалану және электр қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес пайдалануға;
2) электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оның ішінде электр жабдықтарын қызмет көрсету, тексеру, қосу, ауыстырып-қосу және ажырату жұмыстарын орындауға;
3) электр қондырғыларына, электр жабдықтарына, байланыс және өрт дабылы жүйелеріне жоспарлы-алдын алу жөндеуін, техникалық қызмет көрсетуді, жаңғыртуды және қайта құруды қамтамасыз етуге;
4) электр жабдықтарының, қорғаныш құрылғыларының, қорғаныш ажырату құрылғыларының (ҚАҚ/УЗО), қорғаныш жерге қосу тізбектерінің техникалық жай-күйін бақылауға;
5) белгiленген тәртiппен электр жабдықтарына тексерулер мен қарап-тексерулер жүргiзуге, бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс жасауға;
6) өз біліктілігі шегінде электр қондырғыларында, электр сымдарында, автоматика, есепке алу және тіркеу құралдарында монтаждау, жөндеу, реттеу және іске қосу-жөндеу жұмыстарын орындауға;
7) электр қондырғыларын пайдалануға байланысты құрылыс-монтаж, жөндеу және іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысуға;
8) белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып электр қондырғыларында жұмыстарды орындауға, оның ішінде кернеуді толық ажырату және жерге қосуды орнатуға;
9) жөндеу-баптау персоналының электр қондырғыларында жұмыс істеуге қолжетімділігін анықтайды;
10) жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдануға және олардың жарамды күйін бақылауға;
11) авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыстарды дереу тоқтатып, тікелей басшысына хабарлауға;
12) электр қондырғыларында анықталған ақаулар туралы, оның ішінде ұшқындау, оқшаулаудың зақымдануы, қоршалмаған ток өткізгіш бөліктердің пайда болуы және өзге де қауіпті кемшіліктер туралы басшылыққа уақтылы хабарлауға;
13) электр қондырғылары жанған кезде өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес әрекет етуге, көзделген өрт сөндіргіштердің түрлерін қолдануға;
14) электр қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және Қоғам құжаттарының талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
15) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға және персоналдың электр қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге;
16) электр қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізуге, персоналды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытуға.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
- Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
- Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 16.01.2026 ж. дейін ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69А, 2-қабат, 211-кабинет мекен-жайы бойынша немесеzhambylipk@orleu.edu.kz электрондық почтасы арқылы қабылданады.
Анықтама үшін: 8(7262)-54-70-00
Сұхбат өткізу күні және орны: 2026 жылғы 19 қаңтар, уақыты 10.00-де, ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69А, 209 кабинет.Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

