InTrend бағдарламасы аясында кезекті дәріс өтті

InTrend бағдарламасы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен республикалық вебинар өтті. Іс-шара барысында педагогикалық тәлімгерліктің бейресми формалары жан-жақты қарастырылды.

Вебинар спикері — «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының директоры Софья Измуханбетова. Ол өз баяндамасында ресми және бейресми тәлімгерліктің айырмашылықтарына тоқталып, стандарттан тыс бейресми тәлімгерліктің алты түрін нақты тәжірибе негізінде таныстырды.

Онлайн дәріс барысында педагогтерді кәсіби қолдаудың маңыздылығы, жас мамандарға қолдау көрсету, тиімді тәжірибе алмасу жолдары, сондай-ақ ұжымдағы ынтымақтастық пен әріптестік мәдениетін дамытудағы бейресми тәлімгерліктің рөлі кеңінен талқыланды.

Вебинар қатысушылары тәлімгерліктің мәні тек тәжірибе берумен шектелмей, кәсіби дамуды бірлесе жоспарлау мен қолдауға негізделетінін атап өтіп, серіктестікке бағытталған заманауи тәлімгерлік модельдеріне көшу жолдарын қарастырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар