«Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы аясында облыстық семинар өтті



2025–2029 жылдарға арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалының стратегиялық даму бағдарламасы аясында педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жоба жоспарына сәйкес 2026 жылдың 16 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы Батыс Қазақстан облысының тәлімгерлеріне арналған кезекті семинар өткізді. Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы тәлімгерлікті ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, жас педагогтерді кәсіби қолдау жолдарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында тәжірибелі педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді тәлімгерлік әдіс-тәсілдерге талдау жасады, практикалық ұсыныстар әзірленді. Семинар тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәлімгерлік мәдениетті дамытуға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды алаң болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар