«STEM-лагерь арқылы жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында вебинар өтті

Бүгін білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қамтыған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» жеңімпаздарымен тікелей эфирлер сериясы аясында «STEM-лагерь арқылы жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында вебинар өтті.

Спикер ретінде сөз алған Шахимова Ырысджан Азанкалыевна — Ақтау қаласындағы IT-лицейдің информатика пәні мұғалімі, тәжірибелі STEM-тренер, кәсіби байқаулардың жүлдегері өз тәжірибесімен және тиімді әдістерімен бөлісті.

Вебинар барысында қазіргі білім берудегі басты міндеттердің бірі — оқушылардың теориялық білімін күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру екені ерекше атап өтілді. Осы тұрғыда STEM-лагерь форматы оқушыны дайын ақпаратты қабылдаушы емес, ізденуші, зерттеуші тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталғаны көрсетілді.

STEM-лагерь аясында оқушылар:

— тәжірибе жасап, модельдер құрастырады;

— әртүрлі пәндерді өзара байланыстыратын тапсырмалармен жұмыс істейді;

— нақты мәселелерді зерттеп, дәлелді шешімдер ұсынады.

Бұл жұмыс түрлері оқушылардың сыни ойлауын дамытып, гипотеза ұсынуға, оны тексеруге, өз пікірін дәлелдеуге және жаңа жағдаяттарға бейімделуге мүмкіндік береді. Мұндай дағдылар халықаралық PISA зерттеулерінің талаптарына толық сай келеді.

📺 Вебинардың толық нұсқасын YouTube платформасынан төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=HKDJaomyrmQ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар