Бүгін ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Амантайұлы Ахметжанов «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына арнайы келіп, цифрлық платформаларының жұмысымен танысты.
Ұлттық орталық педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын цифрлық форматта жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгінде «Өрлеу» экожүйесіне білім беру саласына арналған бірқатар инновациялық платформалар біріктірілген. Атап айтқанда, Ұстаз, LMS, MOOC, Beles, PPI, Педагогтердің бірыңғай деректер базасы және Wiki жүйелері арқылы біліктілікті арттыру курстары, аттестаттау процесі, кәсіби байқаулар мен әдістемелік ресурстар жинақталған. Бұл экожүйе педагогтің жеке цифрлық профилін қалыптастыруға және негізгі үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында вице-министр «Өрлеудің» цифрлық шешімдерінің тиімділігіне жоғары баға берді.





