«БІРТҰТАС КОМАНДА — ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» тренингі өтті

Алматы қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №216 мектептің базасында «Біртұтас команда — жайлы мектеп» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара педагогикалық ұжымдардың кәсіби өзара іс-қимылын нығайтуға, командалық мәдениетті қалыптастыруға және жайлы білім беру ортасын дамытуға бағытталды. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, қатысушылардың тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы топтарға бөлініп өткізілді.

Тренингті Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы — Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Асель Сабиханова, Алмагуль Ыбышева және Виктория Кайдакова жүргізді. Оқытушылар практикалық кейстер мен өмірлік жағдаяттарға негізделген интерактивті жаттығуларды қолдана отырып, педагогтердің тиімді коммуникация орнату, ортақ шешім қабылдау және бірлескен жауапкершілік мәдениетін дамытуға басымдық берді.

Тренинг барысында қатысушылар команда ішіндегі рөлдерді анықтау, сенімге негізделген қарым-қатынас құру, кәсіби күйзелістің алдын алу және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру тетіктері бойынша тәжірибе алмасты. Іс-шара педагогтер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, белсенді пікір алмасумен өтті.

Аталған тренинг «Жайлы мектеп» тұжырымдамасын іске асыру аясында педагогикалық ұжымдардың әлеуетін арттыруға және заманауи білім беру кеңістігінде тиімді командалық жұмыс қалыптастыруға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар