«Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбындағы семинар-тренинг

«Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбындағы семинар-тренинг №31 мектеп базасында жалғасын тапты. Іс-шараны Өрлеу – Маңғыстау филиалының аға оқытушысы А.Жұмабаева жүргізді.

Ұйымдастырылған шара командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, ұжымды біріктіруге және командалық рухты қалыптастыруға бағытталды.

Семинар барысында қатысушылар әртүрлі жаттығулар мен пікірталастарға қатысып, бір-бірін жақсырақ түсінуге, өзара сенімді нығайтуға және нақты бір команданың мүшесі ретінде әрекет етуге үйренді.

Тренинг аясында топтық жұмыстың негізгі аспектілері қарастырылды. Атап айтқанда, топ ішіндегі рөлдерді тиімді бөлу, сенім мен ұйымшылдықты дамыту стратегиялары, сондай-ақ тығыз өзара әрекеттесуді талап ететін жағдайларда мәселелерді бірлесе шешу әдістері талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар