Ақпараттық технологиялар және медиа қызметінің IТ-маманы
Актуалды
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 20 часа ago
Өрлеу» БАҰО» АҚ «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы технологиялар және медиа қызметінің IТ-маманы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және портфолио ұсына отырып, мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “ақпараттандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, Ақпараттық технологиялар, жарнама, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, қамтамасыз ету тәсілдерін 6 ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі, алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу әдістерін реттейтін нормативтік және әдістемелік материалдар, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдалану, құрылымдық бағдарламалаудың негізгі принциптері, бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері, техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, компьютерлер мен ұйымдастыру техникасының мақсаты мен жұмыс режимдері, оларды техникалық пайдалану қағидалары, ақпаратты автоматты өңдеу технологиясы, ақпаратты техникалық тасымалдаушылардың түрлері, ақпаратты жіктеу және кодтау әдістері, бағдарламалаудың ресімделген тілдері, техникалық құжаттама, есептеу техникасын бағдарламалау мен пайдаланудың, өндірісті ұйымдастырудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Жеке қасиеттері
· Көпшіл
· Жауаптылық
· Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:
конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
суреті бар түйіндеме;
ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 04.02.2026ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mangystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2026 жылғы 04 ақпан сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

