«British Council Kazakhstan» ұйымымен бірлескен AELLCA бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыру аясында 17–20 ақпан күндері «Өрлеу» тренерлерінің жетекшілігімен қала мектептерінде семинарлар өтті. Іс-шаралар №5, 7, 9, 21, 24, 36, 37 жалпы білім беретін мектептер мен Эстетикалық бағыттағы гимназия базасында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты — педагогтердің кәсіби өсу стратегиялары жөніндегі түсінігін кеңейтіп, білім беру ортасында тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Қатысушылар белсенді оқыту әдістерімен танысып, тәжірибелік жұмыстар орындады. Бағдарлама Ұлыбритания Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып, мұғалімдердің кәсіби дамуы жүйесін жаңартуға бағытталған.







