13 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында «XXI ғасыр мұғалімі: кәсіби даму стратегиялары және тиімді өзара әрекеттесудің тәсілдері» тақырыбында мектеп директорының орынбасарларына арналған семинар өтті.
Семинар AELLCA халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, British Council бастамасымен және Ұлыбритания Үкіметі қолдауымен жүзеге асуда. Бағдарлама NILE Institute және Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бірлескен жұмысы негізінде педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
Семинар барысында қатысушылар педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу және тиімді оқу ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады. Бағдарлама екі сессиядан тұрды: алғашқысы – педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған халықаралық тәжірибені енгізу, екіншісі – сыныпты басқару, нұсқау беру және рефлексия тәсілдеріне арналды.
Семинарды «Өрлеу» филиалының тренерлері жүргізді. AELLCA бағдарламасы аясында республика бойынша 20 тренер «Шебер тренер» халықаралық сертификатын иеленген болса, олардың қатарында БҚО филиалының тренерлері К. И. Байкатова мен С. Қ. Абитова бар. Сонымен қатар филиалдың 8 тренері «Пәндік тренер» сертификатын алған.
Шара барысында тренерлер халықаралық бағдарлама аясында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.





