Ваканттық лауазым: Ұлытау облысы бойынша өкілдігіне аға оқытушы – 1 вакансия;
Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 4 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес.
Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.
Аға оқытушының негізгі функциялары:
- Еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауға.
- Атқаратын лауазымы бойынша өз құзыреті шеңберінде Филиал басшылығының және кафедра меңгерушісінің тапсырмаларын орындауға.
- Курстарда тыңдаушыларды оқыту сапасын қамтамасыз етуге, міндеттерін нәтижелі орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттырып отыруға.
- Андрагогика принциптері негізінде біліктілікті арттыру курстарын жоспарлауды және оқытуды жүзеге асыруға.
- Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнына 30%-ға дейін өзгерістер енгізуге және бейімдеуге, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуге, заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға және кәсібилікті арттыру үшін жеке тәжірибесіне рефлексия (зерттеу) жүргізуге.
- Педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды қамтамасыз етуге: тыңдаушылардың педагогикалық және зерттеу жұмыстарында, соның ішінде тәжірибе алмасу іс-шараларында оларға уақтылы әрі сапалы әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге, жарияланымдар дайындауға көмектесуге, кері байланыс бере отырып, нәтижелерге талдау жүргізуге, қолдау бойынша есептер өткізуге.
- Өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын және LMS-платформасын пайдалана отырып, педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың техникалық сүйемелдеуін жүзеге асыруға.
- Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін тереңдету үшін біліктілікті арттыру курстарынан өту кезеңінде әдістемелік семинарлар (вебинарлар және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге.
- Шарттық негізде қысқа мерзімді оқыту семинарларын ұйымдастыруға және өткізуге.
- Әдістемелік жұмысқа қатысуға: оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен және сараптаумен айналысуға, аймақ педагогтерінің инновациялық тәжірибесін зерделеуге және таратуға, педагогтерді аттестаттау кезінде консультациялық көмек көрсетуге.
- Біліктілікті арттырудың аймақтық жүйесін зерттеуге қатысуға және олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізуге; ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыруға және басылымдарды дайындауға қатысуға.
- Филиал және Қоғам қызметкерлері үшін кәсіби даму іс-шараларын өткізуге қатысуға.
- Оқу жүктемесінің, әдістемелік және ғылыми жұмыстардың орындалуын есепке алуға; жеке жұмыс жоспарының орындалуы туралы тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді уақтылы ұсынуға.
- Біліктілікті арттыру курстарын, әдістемелік семинарларды (вебинарларды және т.б.), шарттық негіздегі оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті оқу құжаттамасын сауатты құрастыруға және ұсынуға.
- Білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеу және сараптау бойынша жобаларға, комитеттер мен жұмыс топтарына, сондай-ақ кеңестерге, кеңестер мен семинарларға қатысуға.
- Кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру үшін Жасанды Интеллект (ЖИ) ресурстарын пайдалануға.
- Міндеттерді орындауға байланысты мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге.
- Еңбек тәртібін, академиялық адалдық талаптарын, Корпоративтік әтика кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген кафедра құзыреті шеңберіндегі өзге де міндеттерді орындауға.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
3. 3*4 фотосурет (2 дана);
4. Жеке басын куәландыратын құжат;
5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;
6. Медициналық анықтама (Ф075);
7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
9. Наркологиялық ұйымнан справка;
10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)
11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.
Хабарландырудың жарияланған күні: 16.03.2026 ж.
Конкурс өтетін күн: 26.03.2026 ж.
Телефон: 8 (7212) 41-87-10, 41-70-13
Электрондық почта:
bukharbaeva_a@orleu.edu.kz

