«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және әкімшілік жұмыс өтілі кемінде үш жыл, Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Білім туралы”, “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; Әкімшілік жұмыс мәселелерін, Менеджмент, Маркетинг және экономика негіздерін, үй-жайларды пайдалану тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптары.
Негізгі міндеттері:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз етуге;
2) қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті;
3) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) өртке қарсы құралдардың болуын және жарамдылығын, қоймадағы жабдықтар мен Мүкәммалдың жай-күйін бақылау;
5) Қоғам филиалдарының техникалық қызметтерінің қызметін үйлестіруге және олардың жұмысын бақылауға;
6) уақытша болмаған жағдайда департаменттің жетекші маманының міндеттерін орындауға (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.);
7) атқаратын лауазымы бойынша құзыреттер шеңберінде іс қағаздарын жүргізуге және құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 ж. 01 сәуірді қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2026 жылғы 02 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

