Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында 2026 жылға жоспарланған педагогтерге арналған екі апталық біліктілікті арттыру курстары басталды.
Аталған курстар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін, бастауыш сынып мұғалімдерін және пәндік бағыттағы педагогтерді қамтиды. Оқу бағдарламалары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын тиімді жүзеге асыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Біліктілікті арттыру курстары барысында тыңдаушылар заманауи білім беру технологияларын, инновациялық әдіс-тәсілдерді және пәндік оқытудың жаңа тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, оқыту процесін жетілдіру және білім сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Курстар педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.






