Актуалды
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 день ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:

-Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс өтілі кемінде үш жыл болуы тиіс

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік-іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңдарын және  білім беру ұйымдары қызметіне қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді, дидактика қағидаларын, педагогика мен жас ерекшелік психологиясының негіздерін,білім беру сапасын басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттары, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін,  инновациялық тәжірибені, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмысты жинақтау және тарату әдістемесін, педагогикалық әдеп нормаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары,

компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
  • конкурс комиссиясы Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т.б. қатысты дәйекті фотосуретімен егжей-тегжейлі және өзекті түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы) ғылыми атағы (профессор, доцент туралы құжаттардың көшірмелері), қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізбесі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, біліктілк санаттарына қатысты қосымша ақпарат қажет болған жағдайда-алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 09.04.2026ж. дейін ҚР Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 69А, 2-қабат, 211-кабинет мекен-жайы бойынша немесеzhambylipk@orleu-edu.kz электрондық почтасы арқылы қабылданады.

Анықтама үшін:  8(7262)-54-70-00

Сұхбат өткізу күні және орны: 2026 жылғы 10 сәуір,  уақыты 15.00-де,  ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69 А ғимарат, 209 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job