Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
Актуалды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу”
Posted 12 часа ago
Хабарландыру
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 06.04.2026 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 10.04.2026 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадр жұмысы бөлім бастығы
Байланыс e-mail: vko@orleu.edu.kz
Телефон: 8/7232/59-78-50
Бос орын атауы: қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарды, ұйымдағы шаруашылық қызметті бухгалтерлік есепке алу менталдау нысандары мен әдістерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, экономика негіздерін, құжаттық ревизиялар мен тексерулер жүргізу, мүліктің міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру тәртібін, құжат айналымын ұйымдастыру және негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу мен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін, шоттардың жоспары мен хат-хабарларын, қаржы, шаруашылық, салық заңнамасын, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды, шаруашылықты жүргізу әдістерін, есептеу техникасын пайдалану ережелерін, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қойылатын талаптарды.
Қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы лауазымдық міндеттеріне кіреді:
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- Еңбек өнімділігін, кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
- Бөлімнің функционалдық бағыттарына қатысты негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, қызметтік хаттар, шарттар, нормативтік актілер жобаларын әзірлеуге;
- Еңбекақыны есептеу және уақытылы аудару, мемлекеттік бюджетке төлемдер, әлеуметтік сақтандыру жарналары, ұйымдарға қарыздарды өтеу, қорларға аударымдарды жүзеге асыруға;
- Еңбекақы қорын дұрыс жұмсауға, штаттық және қаржылық тәртіпті қатаң сақтауға;
- Дебиторлық берешекті өндіріп алуға және кредиторлық берешекті өтеуге, төлем тәртібін сақтауға;
- Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша түгендеу жүргізуге (комиссия жұмысына қатысуға, түгендеуге тізімдерін жасауға);
- Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау және бақылауды жүзеге асыруға, оларды өңдеуге дайындауға, «1С қойма» ақпараттық жүйесінде қойма операцияларын есепке алуға және кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу ережелерін сақтауға;
- Бухгалтерлік ақпараттар базасын қалыптастыруға, жүргізуге және сақтау жұмыстарын орындауға;
- Мүлікті түгендеуге қатысуға және түгендеу тізімдерін жасауға;
- Қатаң есептегі бланкілерді (сертификаттар, куәліктер) қоймадан беру, бланкілерді беру жөніндегі журналды жүргізуге;
- Аванстық есептерді жүргізуге;
- Тапсырыс берушілерді төленбеген шот-фактуралар бойынша хабардар етуге, жеткізушілермен салыстыру актілерін өңдеуге;
- Ішкі бюджетті қалыптастыруға ұсынылған құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін тексеруге;
- Филиалдың ішкі бюджеті бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді Қоғамның даму жоспарын қалыптастыру үшін орталық аппаратқа ұсынуға;
- Есепті кезең үшін Филиалдың ішкі бюджетінің орындалуын қамтамасыз етуге;
- Қоғамның даму жоспарын қалыптастыруға, оны орындауға, мониторинг пен бағалауға қатысуға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеуге және оған ұсыныстар енгізуге;
- Ақылы курстарды есепке алуды, орындалған жұмыстар актілерін және электрондық шот-фактураларды ресімдеуді, қатаң есептілік бланкілерін есепке алуды қамтамасыз етуге;
- Бөлімде іс жүргізуді сапалы жүргізуді, құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етуге.
Іссапарлар: жоқ
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 08.30-нан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы
Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты
Білім деңгейі: тиісті кадрлар даярлаубағытыбойынша жоғары (немесе жоғары орнынан кейінгі) білім.
Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадр жұмысы бөліміне электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (ссылка);
– түйіндеме фотомен;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 10.04.2026 жылы Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69, 4 қабат, 403 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: vko@orleu.edu.kz анықтама телефоны: 8 (7232) 59-78-50, әкімшілік – кадр жұмысы бөлімі.
Әңгімелесуді өткізу күні мен орны:
2026 жылғы 13 сәуір Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69, 2 қабат, конференц-зал.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

