«Өрлеу» БАҰО» АҚ пен British Council Kazakhstan бірлесіп жүзеге асыратын AELLCA бағдарламасы аясындағы екі күндік семинар-практикумдар сериясы өз мәресіне жетті.

Оқытуға Петропавл қаласының 80 педагогі қатысты:

– «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ;

17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені

– «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ;

Мағжан Жұмабаев Атындағы ІT-мектеп-лицей

– «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ;

Петропавл қ. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 9 орта мектебі КММ

– «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп».

Смағұл Сәдуақасұлы Атындағы Нөмір-екінші-жалпы-білім

Бірінші күні қатысушылар жеке ҮДК картасын әзірлеп, SMART мақсаттарын айқындады, педагогтің негізгі құзыреттіліктерін талқылады және мұғалім, білім алушы мен ата-ана арасындағы өзара әрекеттестіктің ерекшеліктерін талдады.

Екінші күні семинар барысында мұғалімнің нұсқау беру дағдылары мен рефлексия жүргізу тәсілдері қарастырылды.

4 сессия бойы супервизор ретінде Ақмола облысы филиалының шебер-тренері, аға оқытушы, магистр Жанылсын Жалмұханова қызмет атқарды.

Супервизия қорытындысы бойынша «Өрлеу-СКО» кафедрасының меңгерушісі Наталья Подкомаровскаяға және кафедраның аға оқытушылары Асем Ахметоваға, Азиза Ибраеваға, Асель Джаксалыковаға «Пәндік тренер» функционалдық мәртебесі беріледі. Қатысушылар – мектеп педагогтері семинарды аяқтағаны туралы халықаралық үлгідегі сертификат алады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар