«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: тиімді технологиялар, әдістер» атты тақырыпта облыстық семинар өтті. Іс-шара Өрлеу-СКО филиалы мен Петропавл қаласының білім бөлімі КММ-сі мен бірлесіп, ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық құжаттарына сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Іс-шараға Петропавл қаласының, сондай-ақ Қызылжар, Аққайың және Мамлют аудандарының мектептерінен 40-қа жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Бағдарлама аясында білім алушылардың қатысуымен ашық сабақтар, шеберлік сыныптары және практикалық тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасып, оқыту сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар