Құрметті педагогтер! Сіздерді арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық қашықтықтан өткізілетін байқауына қатысуға шақырамыз.

Аталған байқау бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда тиімді тәжірибелерді енгізіп жүрген педагогтерді қолдауға, сондай-ақ инклюзивті білім беру идеяларын дамытуға бағытталған.

Байқау “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы” КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына (тізбесіне) кіреді.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Қатысу форматы: жеке

Қатысушылар нақты педагогикалық тәсілдер мен жұмыс әдістерін көрсететін бейнежұмыс ұсынуы қажет.

Бұл — тамаша мүмкіндік:
— өз тәжірибеңізбен бөлісуге
— өзіңізді танытуға
— инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосуға

Байқау ережесімен «СҚО-Өрлеу» сайтындағы сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://drive.google.com/drive/folders/1Wh5HRT1rbI8FZml4RZjCrw-Cx9pOPAZ-?usp=drive_link

Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар