Актуалды
“Өрлеу” по Атырауской области
Posted 6 дня ago

Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 08.04.2026ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні:.15.04.2026ж.

Жауапты: әкімшілік-кадр жұмысы бөлімі

Байланыс e-mail: jumasheva_g@orleu.edu.kz  

Телефон: 8(7122)59-62-83, 87756890336, 8702 681 85 08

Бос орын атауы: 

Әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі бас маман –  1 бос жұмыс орны

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 8.30-ден  18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:


Жоғары білім және есепке алу мен бақылау саласындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және есепке алу мен бақылау саласындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, ұйымды шаруашылық жағынан қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдарын; үй-жайларды пайдалану тәртібін; экономика негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау мен келісуді; қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды, тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлерін, өлшемдерін, маркаларын, сұрыптарын және басқа да сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ олардың шығыс нормаларын, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймаға қою ережелері мен тәртібін, оларды есепке алу бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мен өндірістік санитария мәселелерін, жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау мен келісуді, шаруашылық жүргізу әдістерін және ұйымды басқаруды, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу мен орындау тәртібін, экономика негіздерін, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 15.04.2026 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы В.Худин көшесі, 5 мекен-жайы, 2-қабат, 200-кабинет немесе e-mail: atyrau_ipk@orleu.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122)59-62-83, 87756890336, 8702 681 85 08.

Сұхбат өткізілетін орын:

Атырау қаласы, Владимир Худин көшесі 5,  2- этаж, 200 кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job