Бос лауазымдық орынға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Актуалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 11 часа ago
Бос лауазымды орынға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы ӘКЖ бөлімінің жүргізуші лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарға персоналды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу туралы Ережесіне сәйкес өткізіледі.
Жүргізуші лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Тиісті жүргізуші куәлігінің санаттарының (B және D) болуы, көлік құралын басқару өтілі кемінде үш жыл.
Білуі тиіс:
Жол қозғалысы ережелері және автомобильдерді техникалық пайдалану қағидалары; қызмет көрсетілетін автомобильдердің агрегаттарының, механизмдерінің және аспаптарының тағайындалуы, құрылысы, жұмыс істеу принципі; автомобильді пайдалану барысында туындайтын ақаулардың себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері; техникалық қызмет көрсету тәртібі және автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау қағидалары; аккумулятор батареяларын және автомобиль шиналарын пайдалану ережелері; жаңа автомобильдерді және күрделі жөндеуден кейінгі автомобильдерді жүргізіп үйрету (обкатка) қағидалары; ауа райы жағдайларының автомобильді басқару қауіпсіздігіне әсері; жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдері; жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібі; қызмет көрсетілетін автомобильдің жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру қағидалары; еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормалар.
Конкурсты өткізу мерзімі: 28 сәуір 2026 жыл.
– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім;
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (1-қосымша);
– фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты
(он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік).
Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат немесе босқын куәлігі;
– қажетті кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын
құжаттар (білім туралы құжаттардың, біліктілікті арттыру туралы
құжаттардың, ғылыми дәрежені беру туралы құжаттардың көшірмелері,
еңбек кітапшасының көшірмесі немесе конкурс шарттарына сәйкес талап
етілетін біліктілік бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттар).
Конкурсқа келген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары
ұсынылады.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150007, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Труд көш., 36, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы, Әкімшілік-қадр жұмысы бөліміне, № 201 кабинет. Құжаттар sko@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберілген жағдайда құжаттарын белгіленген мерзімде конкурсқа келген кезде жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет. Анықтама үшін телефон 8(7152) 55-97-02.
Конкурстың өтетін орны, уақыты және шарттары конкурсқа 1 күн қалғанда қосымша хабарланады.

