«СҚО-Өрлеу» филиалы және «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық: жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

«СҚО-Өрлеу» филиалы және «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық: жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан педагогтер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны офлайн форматта 70 педагогті, ал онлайн қосылымда 300-ден астам қатысушыны құрады.
Пленарлық бөлімде төмендегі спикерлер сөз сөйледі:
Лейла Альмагамбетова, Петропавл қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Бақыт Алдабергенова, Петропавл қаласы, «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ директоры, химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер;
Айнур Акатаева, Астана қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының жетекшісі міндетін атқарушы. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасы бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелері»;
Жахонгир Гаппаров, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші, «Үздік педагог – 2023». Баяндама тақырыбы: «Функционалдық сауаттылық пен тиімді басқару синергиясы: ЖИ құралдары арқылы шағын жинақты мектептің тұрақты дамуы»;
Райса Абуева, Петропавл қаласы, «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Үздік педагог» атағының иегері, педагог-шебер. Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми ізденіс әлеміне баулу».
4 секция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
– Жаратылыстану пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамытудағы тиімді тәжірибелер;
– Оқу сауаттылығы және мәтінмен жұмыс: Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде талдау, түсіну және бағалау;
– Математикалық сауаттылық: ЖИ көмегімен тапсырма әзірлеу және сабақты жобалау;
– Цифрлық технологиялар және зерттеушілік қызмет: ЖИ негізінде білім алушының құзыреттілігін дамыту.
Педагог-шеберлер және педагог-зерттеушілер шеберлік сабақтарын өткізіп, ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибелік кейстерді талқылады.
Республикалық семинар тәжірибе алмасуға және ЖИ қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамытудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар